378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жол сапасына байланысты 17 тұлға жауапқа тартылды

  • 103
  • UPD: 15:42, 11.03.2019

Батыс Қазақстан облысында жолдарды күтіп-ұстап, көлік қозғалысын ұйымдастырушы мекемелердің жұмысы көңілден шықпайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны облыстық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы жүргізген тиісті тексерулер нәтижесі көрсетті. Жыл басынан бері жолдағы қауіпсіздікті өз деңгейінде қамтамасыз етпеген 17 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Мәселен, «Қазавтожол» аймақтық мекемесінің директорына Орал-Атырау арасындағы жолды күтіп-ұстамағаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Өз міндетіне салғырт қарағандардың қатарында Оралдағы «Жайық – таза қала» серіктестігі мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары да бар.

Алмас Жұмапеев, облыстық ПД бөлім басшысы:

- Өткен жылдың осы кезеңінде 14 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, биыл 17 лауазым иесіне шара қолданылды. Оның 7-сі Орал қаласында. Олар ортақ қолданыстағы жолдарды күтіп-ұстамағаны, қарды тазаламағаны үшін жазаланды. Жалпы, жыл басынан бері қала көшелеріне қажетті 53 жол белгісі, 4 бағдаршам орнатылды.

Хабар 24 телеарнасы