389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада цифрландыруға арналған форум өтіп жатыр

  • 438
  • UPD: 11:49, 12.03.2019

Экономиканы цифрландыру арқылы дамыту Эстонияның басты жетістігі. Енді бұл мемлекет өз тәжірибесін өзге елдерге үлгі етуде. Дәл қазір Астанада халықаралық форум өтіп жатыр. Оған жүзден аса делегат қатысуда. Форум тақырыбы қаншалықты өзекті?

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Халықаралық форумның тақырыбы өзекті. Себебі цифрландыру – заман талабы. Ауқымды шара басталды, жиналған қауым күн тәртібімен танысып, негізгі жұмысқа кірісіп кетті. Форумды толықтай Эстонияның сыртқы істер министрлігі қаржыландырған. Айта кетерлігі, бұл мемлекет бірқатар жылдан бері Еуроодақта цифрландыру саласы бойынша көш басында. Электронды парламент пен цифрлық қоғам деген түсінік ең алғаш Эстонияда пайда болды. Бүгінгі нәтиже айтарлықтай. Қазақстан да осы мемлекеттің үлгісімен сандық технологияны кеңінен қолданысқа енгізді. Еліміз ТМД аясында алғашқылардың бірі болып ІТ технологияға ден қойып отыр. Менің жанымда халықаралық форумның модераторы Гүлнәр Көлдеева тұр. 

-         Гүлнәр Исламқызы, Қазақстандағы цифрландыру несімен табысты деп ойлайсыз? 

-         Өткен жылы елімізде 30 млн мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетіліпті. Халықтың көзқарасы оң деуге негіз бар ғой? 

-         Халықаралық форумды Эстонияның тәжірибесін үлгі ету мақсаты қойылған. Бізге қай тұсы өзекті? 

«Цифрландыру: Эстонияның тәжірибесі» халықаралық форумына электронды басқарудың ерекшелігі, киберқауіпсіздік сияқты бірқатар баяндамалар әзірленген. Негізгі мақсат - экономиканың түрлі саласын сандық жүйеге көшірудің тиімділігін ашу. Айта кетерлігі, Эстонияда қағазбастылық мәселесі мүлде жоқ. Барлық қызметті смартфон арқылы алуға болады. Форумға 100-ден аса делегат келіп отыр. Олардың арасында бірқатар шетелдіктер де бар. Меймандарды қазақстандық тәжірибе бейжай қалдырмады. Бүгінде әлемнің 15 елінде цифрландыру саласы арнайы мемлекеттік бағдарлама ретінде қабылданған. Қазақстанда да кең қанат жайып келеді.  Оны дамытуға ел қазынасынан 141 млрд теңге қарастырылды. Мұнымен шектелмейді. Жобалардың маңыздылығына қарай, қосымша қаражат бөлінетін болады. Марал, мендені ақпараттар легі осындай. Келесі эфирде қосымша ақпараттармен бөлісетін боламын.

Хабар 24 телеарнасы