378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында су тасқынына дайындық қалай?

  • 108
  • UPD: 15:11, 12.03.2019

Ақмола облысында биыл қар қалың. Облыс орталығында байқалмағанымен аудан, ауылдарда ақ ұлпа өте көп дейді мамандар. Былтырғымен салыстырғанда қар 33-35 процентке көп түскен. Алайда қазіргі ауа температурасы оның тез еруіне жол бере қоймайды. Дегенмен, бұл болжам ғана. Өңірдің тасқынға деген дайындығы қандай? Синоптиктер не дейді? 

Дамир Берікұлы, тілші:

- Біз қазір Сандықтау ауданының аумағында тұрмыз. Мұнда биыл қардың қалыңдығы өткен жылмен салыстырғанда 60 процентке көп дейді мамандар.

Ал атышулы Жабай өзені осы аудан арқылы өтіп жатыр. Оның үстіне жақында тағы біраз қар түсті. Тіпті бір аптаның ішінде жарты айлық мөлшердегі қар жауған көрінеді. Ауа райын болжаушылар, наурыз айының соңынан бастап ери бастайды дейді.

Су айдындары да қазір жіті бақылауда. «Қазгидрометтің» бір апталық болжау нәтижелеріне сүйенсек, бүгінде Есіл, Сілеті, Шағалалы, Қалқұтан және Жабай өзендерінде ылғал мөлшері нормадан жоғары. Сондықтан сақтық шараларын күшейту керек дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы