378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдан 900 мың текше метрдей қар шығарылған

  • 102
  • UPD: 23:48, 12.03.2019
Оралдан 900 мың текше метрдей қар шығарылған

Батыс Қазақстан облысында қар ери бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта қазір күн күрт жылынды. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері ауа температурасы 8 градусқа дейін жылынуы мүмкін. Соңғы тәуліктерде жаңбыр жауып тұр. Айта кету керек, аталған аймақта биыл қар көп түсті. Қала аумағынан 900 мың текшедей қар шығарылған. Бұл өткен жылғы көлемнен 6 есеге артық. Коммуналдық қызметтер екі ауысымда тәулік бойы жұмыс жасап жатыр. Көшелер мен аулалардан соңғы 2 күнде 5 мың 200 текше метр еріген қар суы сорылған.

Нұржамал Санбаева, Сарытау шағынауданының тұрғыны:

- Қыстай 2-3 рет тазартты. Ауланың іші суда тұр. Үйдің бәрі. Таңертең ерте тұрып судың бәрі жүрсін деп жол ашып жатырмыз.

Қуат Ерсайынов, «Жайық – таза қала» кәсіпорнының директоры:

- Тәулігіне 300-ден астам техника жұмыс жасайды. Қазір қала бойынша 35-тен астам су сорғыш техника жұмыс істеп жатыр.  92 мың шақырымдай арықтарымыз  бар еді, соның 85 пайызы ашылды. Қаланың орталығында, ет комбинатында, 2-жұмысшы аумағында шағындаудандарымыз бар, 6-5-4-аймақтарда жұмыс жасап жатыр қазір.

Хабар 24 телеарнасы