377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жастар бастамаларын қолдаудың «Жол картасы» құрылды

  • 148
  • UPD: 23:48, 12.03.2019

Ол 500-ге тарта жаңа жобаны жүзеге асыратын 10 негізгі бағыттан тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жастар енді флешмоб, акция, концерттерге емес, кәсіпкерлікті дамыту, жастарды жұмыспен қамту, баспана мәселесіне басымдық бермек. Бұл туралы Ертіс өңірінде Тұңғыш Президент-Елбасы қорының күндері аясында өткен кездесуде облыс әкімі Болат Бақауов мәлімдеді. Ал атқарушы директордың орынбасары Игорь Рогов Тұңғыш Президент қорының қызметі туралы баяндады.

Айта кету керек, Павлодар облысының жастары Тұңғыш Президент қорының жобаларына белсенді қатысады. Осы күнге дейін  Ертіс өңірінен 60 жас лауреат атанған. Кездесу барысында облыс әкімдігі мен Тұңғыш Президент қоры өзара ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Қор атынан «Жастар бастамаларын қолдау» орталығына 3 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды. Ал қор жанындағы жас ғалымдар кеңесінің өкілдері мен лауреаттары түрлі кездесулер, шеберлік сағаттарын өткізді.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Павлодар облысы – біздің негізгі энергетикалық орталықтарымыздың бірі. Экономикалық жағынан өте дамыған. Бұл өңірде мәдениет пен ғылымды, инновацияны дамыту мақсатында көп жұмыстар атқарылған. Президент биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. Біздің сапарымыздың басты мақсаты – жастар құрылымдарының жұмысымен танысу және олардың жобаларына қолдау көрсету.

Әлия Алдұнғарова, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры жүлдесінің лауреаты:

- Мен 2016 жылы Тұңғыш Президент қорының сыйлығына ие болдым. Ғылымды дамытуға қосқан үлесім үшін медальмен марапатталдым. Менің жобам гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі кезде бұл өте өзекті тақырып. Тұңғыш Президент қоры менің жобама материалдық қолдау көрсетті. Осының арқасында өзімнің  дұрыс таңдау жасағаныма көз жеткіздім.

Хабар 24 телеарнасы