375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы метросында «Адал жол» жобасы енгізіледі

  • 144
  • UPD: 22:05, 13.03.2019

Алматы метросындағы өткел бұдан былай ашық болады. Яғни жолақысын төлеу немесе төлемеу жолаушылардың ар-ұятына байланысты.

Төлемді банктің электронды картасы арқылы жасауға болады. «Адал жол» деп аталған  пилоттық жоба әзірге Алмалы бекетінде енгізілген. Бір ай сынақтан өткен соң оң нәтиже болса метроның басқа да бекеттеріне орнатылады. Ресми статитикаға сүйенсек, қазіргі кезде метроны күніне 50-60 мың жолаушы пайдаланады.

Елнар Игіліков, ҚР МҚІСЖҚ іс-қимыл агенттігі Алматы қ. бойынша департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл жерде азаматтардың өз тәрбиесіне, мектептегі, үйдегі тәрбиесіне, соның бәріне әсер ететін дүние. Тетікке тигізеді, сол жақтан жасыл жанады, азаматтар өтіп кете береді. Оны тигізбесе де ары қарай білдіртпей өтіп кетуіне де болады. Әрине ол азаматтың тәрбиесіне байланысты болады.

Хабар 24 телеарнасы