378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет мүшелері Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

  • 120
  • UPD: 18:46, 14.03.2019
Үкімет мүшелері Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Ақтөбе облысында тұрмысы төмен отбасыларының жеке әлеуметтік картасы жасалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатта отбасы мүшелерінің не нәрсеге мұқтаж екені көрсетіледі. Ал мемлекеттік органдар сол бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар түрлі жәрдемақы алатындарға құжат жинау жағы жеңілдейді. Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет мүшелері Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік саясатын жан-жақты түсіндіріп, тағы қандай өзгерістер болатынын айтты. Мысалы, Ақтөбе облысында арнайы әлеуметтік жәрдемақы алатындардың қатары көбейеді. Былтыр бұл көрсеткіш 20 мың болса, биыл ол 29 мыңға жетпек. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінетін болды. Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері бірнеше алеуметтік нысанды аралады. Елімізде алғаш ашылған «Халықтық кеңсе» орталығының жұмысын көрді. Қанатқақты жобаның мақсаты –тұрғындарға бір терезе қағидасымен жедел қызмет көрсету. Мұнда мемлекеттік және өзге де қызметтердің 600 түрі көрсетіледі. Одан соң Үкімет мүшелері «Жұбановтар әлемі» үйінде қала тұрғындарымен кездесті.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Жаңа іс-шараларды өздеріңіз білесіздер. Алдағы 2-3 жылда әлеуметтік мәселелерге қосымша 2,3 трлн теңге қаржы қаралып отыр. Басты қандай бағыттар? Бірінші бағыт – төменгі табысты көбейту мен мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Кем дегенде 1 млн-ға жуық бюджеттік қызметкерлердің жалақысы көбейетін болады. Олар – негізінен білім, денсаулық, мәдениет, спорт, одан кейін әлеуметтік салада жұмыс істейтін методистер, психолог, тәрбиеші, есепшілер, медбикелер жәнетағы басқалары.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы бүгін Бәйтерек ауданында болып, жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы