389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 2,5 мыңдай адам туберкулезбен есепке алынған

  • 442
  • UPD: 23:29, 18.03.2019
Қызылорда облысында 2,5 мыңдай адам туберкулезбен есепке алынған

Қызылорда облысы туберкулез ауруы бойынша республикада 4-орында тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде қазір 2 жарым мыңдай адам өкпе дертімен есепке алынған. Оның мың шақтысы құрт ауруының белсенді түріне шалдыққан. Ғасыр індетіне баланған сырқатты анықтау, алдын алу, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін биылға 3 жарым миллиард теңге бөлініп отыр. Әлеуметтік маңызды аурудың ем-домы ел азаматтарына тегін жүргізіледі. Бірақ халықтың арасында түсінбеушілік басым. Осы ретте Қызылорда облысындағы емдеу орындары ашық есік күнін өткізіп, медициналық қызметтер жөнінде тұрғындарға мағлұмат беріп келеді. Мамандардың айтуынша, құрт ауруының негізгі таратушы көзі – емделмей жүрген науқастар. Сондықтан ағзасында өзгеріс немесе әлсіреу байқаған әр адам дереу дәрігерге қаралғаны жөн.

Ләззат Төремұратова, фтизиатр:

- Зиянды әдеттер: есірткі, темекі шегу және ішімдік ішу туберкулездің тез дамуына әкеледі. Алдын алу мақсатында 2 бағытта жүргізіледі. Ол қоздырғышты жою, екінші, дені сау адамда аурушаңдық болдырмау. Сондықтан бала кезден вакцинация және ревакцинацияны уақтылы алу керек. Құнарлы тамақтану және зиянды әдеттерден аулақ болу және жеке бас гигиенасын сақтау қажет.

Асқар Рақышев, ӘМСҚ облыс бойынша филиал бөлім басшысы:

- 2020 жылдан бастап осы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры енбекші. Әлеуметтік маңызды аурулардың тізімі бар. Соның ішінде туберкулезбен ауыратын науқастар кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне кіреді және мемлекет қарауында болады. Ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып отырады.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев

Хабар 24 телеарнасы