379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы Наурыздың негізгі шаралары қай жерде өтеді?

  • 235
  • UPD: 15:19, 19.03.2019
Астанадағы Наурыздың негізгі шаралары қай жерде өтеді? otyrar.kz

Биыл ЭКСПО аймағында тағы Наурыз мейрамына арналған этноауыл ашылады.

Бірақ осы жолы оның орналасуы аймағы сәл ығысты. Этноауыл биік стела тұрған Бейбітшілік пен келісім аллеясының алдында орналасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының коммерциализация департаментінің басшысы Дәулет Еркембаевтің айтуынша, өткен жылы Наурыз мейрамына арналған негізгі алаң Конгресс-орталыққа қарама-қарсы орналасқан. Былтыр ол жерге тал егіп, саябақ ашылған болатын. Сол себепті биылғы Наурыздың негізгі шараларын Бейбітшілік пен келісім аллеясына жақын ашық алаңда өткізу туралы шешім қабылданды.

«Естеріңізде болса, ЭКСПО көрмесі кезінде солтүстік кіреберіс болды. Дәл сол жерде Наурыз мейрамына арналған негізгі шаралар өтеді. Қазір киіз үйлер тігіліп, қажетті құрал-жабдықтар орнатылып жатыр. Бұл республикадағы басты алаң болады. 21 наруызда ресми ашылуы өтеді. Дәстүр бойынша барлық шаралар ұйымдастырылады. Президент те келеді деген жоспар бар», - деді департамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, бұрынғы алаңның территориясы тым үлкен болды. Себебі ЭКСПО көрмесі кезінде ол жерде үлкен саxна тұрған және ауқымды концерттер ұйымдастырылды. Ал көрмеден кейін ондай аймақты бос ұстау тиімсіз. Осыған байланысты тал егіп, саябақ ашуға шешім қабылданды. Ал Наурыз мейрамы аясындағы шараларға стелланың жанындағы ашық алаң да жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы