389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік жастар Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне байланысты пікір білдіруде

  • 735
  • UPD: 10:15, 20.03.2019
Ақтөбелік жастар Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне байланысты пікір білдіруде

«Болашақ» бағдарламасы бойынша тәуелсіздік жылдары 13 мыңға жуық жас әлемнің үздік оқу орындарында білім алды.

Егемендігіне енді қол жеткізген Қазақстан үшін ілім іздеуге жас өрендерді шекара асыру оңайға соқпағаны анық. Бірақ соған қарамастан еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы алғашқы үміткерлерге жолдама берген болатын. Бұл көрегенді шешім бүгінгі күні алғашқы жемісін беруде. Ақтөбелік жастар Қазақстанның тұңғыш Президентінің жастарға деген мұндай қолдауына жоғары баға беруде.

Ерболат Уәлихан, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Биылғы жыл Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Жастар жылы деп аталған болатын. Сондықтан елімізде жас мамандар мен кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер ашылатындығына сенімім мол. «Болашақ» бағдарламасын да атап өтуге болады. Мұның барлығы Елбасының көрегендігі деп ойлаймын. Себебі жақын арада бәсекеге қабілетті мамандар еліміздің экономикасын алға жылжуға еңбек ететініне сенімдімін.

Асхат Тақауов, жас кәсіпкер:

- Мен Еліміздің Тұңғыш Президентіне жас кәсіпкерлерге жасаған қолдауы үшін алғысым шексіз. Біздің жастармыздың өзінің сүйікті ісімен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Елімізде жасалған игі істердің әрдайым басы-қасында жүргені баршаға мәлім.

Хабар 24 телеарнасы