379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқаев Астананы «Нұрсұлтан» деп атауды ұсынды

  • 180
  • UPD: 15:22, 22.03.2019
Тоқаев Астананы «Нұрсұлтан» деп атауды ұсынды Informburo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын «Нұрсұлтан» деп өзгертуді ұсынды. Мемлекет басшысы қос палатаның отырысында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі еңбегін ескере отырып, Тұңғыш Президенттің атын ұлықтап, мәңгі есте қалдыру қажеттігін атап өтті.

Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Елордада монумент тұрғызып, облыс орталықтарының бас көшелеріне «Нұрсұлтан Назарбаев» атын беру бастамасын алға тартты. Сонымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Алтын жұлдыз» орденін тапсырып, «Халық Қаһарманы» атағын берді.

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының алдында ант беріп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы