378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаркент халқы Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп жатыр

  • 223
  • UPD: 14:37, 21.03.2019

Жаркент қаласының тұрғындары бір-бірін ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен құттықтауда. Қала тұрғындары ұлттық тағам әзірлеп, ақ дастархан жайып, күллі түркі халықтарының жаңа жылын айрықша атап өтіп жатыр. 

Жазиралы Жаркент ежелден ынтымағы мен береке-бірлігі жарасқан өңір. Қазақ, ұйғыр, орысы аралас тұратындықтан, халқы ұлттық құндылықтарға бей-жай қарамайды. Мереке ортақ. Сондықтан міндетті түрде бір-бірінің үйіне «құтты болсын» айтып кіріп шығады. Жаркенттік Ұлтуар Қасенова дәл бүгінгідей көктемнің шуақты күнінде қазан асып, қыстан қалған сүр еттен ас әзірлеп, ұйғыр көршілерін наурыз көжеге шақырды.

Ұлтуар Қасенова, Жаркент қаласының тұрғыны:

- Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз, мінеки. Қойымыз қоралас, малымыз аралас, бала-шағамыз араласып, осы көшеде бірге жүргеннен кейін СКЛ наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосып жасағам. Сіздер ауыз тиіңіздер осы дәмнен, мінеки.

Қонақтар да құр қол келмепті. Ситар мен дутардың, қазақтың күмбірлеген қара домбырасының сүйемелдеуімен аулада ән шырқалып, ұлттық би де биленді. 

Сәния Айсарова, Жаркент қаласының тұрғыны:

- Наурызымыз құтты болсын бәрімізге! Енді көрші болған ұйығыр, қазақ, орыс  сияқты әр ұлт осы көшеде өмір сүреміз. Мысалға ұйғырлар күріш басып, осындай наурыз көже жасаймыз кейбіреулеріміз. Сондай тату-тәтті бәріміздің өміріміз, сондай әйбәт. Наурыз құтты болсын бәрімізге енді! Жаңа жыл жақсылық алып келсін!

Ұйғыр халқының ұғымында да наурызда дүние қайта түлеп, тіршілік біткен жанданып, жаңа өмір басталады. Малдың аузы көкке, адамның аузы аққа тиіп, күн мен түн теңеседі. Жақсылықтың жаршысы - Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыздан наурызға аман-есен жете берейік дейді олар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы