379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда Достық даңғылына Н.Назарбаев есімі беріледі

  • 268
  • UPD: 18:01, 21.03.2019

Орал қаласындағы Достық-Дружба даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілмек.

Өзгеріс енгізілмес бұрын ономастикалық комиссия мүшелері осы көшенің бойында орналасқан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Кейін қалалық мәслихатта тиісті шешім қабылданды. Жалпы ұзындығы 6 шақырымға жуықтайтын даңғыл шаһардың тарихи бөлігінде орналасқан. Көше көне сәулет ескерткіштерімен көрікті.

Серік Мұханбетқалиев, қалалық мәслихат депутаты:

- Н.Ә. Назарбаев атымен үлкен даңғылды атауы қалалық мәслихат депутаттары тарапынан, халық тарапынан қолдау тауып отыр. Астана қаласының құрылуынан бастап өзінің жобасын құрып, әлемдік деңгейге жеткізіп, халықаралық деңгейге таныта білуі қазақ елін тұңғыш Елбасымыздың еңбегінің нәтижесі.

Хабар 24 телеарнасы