377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәулен Әшімбаев елорда атауының өзгеруіне байланысты пікір білдірді

  • 238
  • UPD: 20:16, 21.03.2019

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында елорданың Нұрсұлтан атауына өзгеруіне қатысты пікірін білдірді.

Оның айтуынша, елордаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру - ел тарапынан Қазақстанның Тұңғыш Президентіне көрсетілген құрмет болса керек. Мәулен Әшімбаев қала атауын өзгерту арқылы әлемге Елбасы салған сара жолды жалғастыратынымызды анық аңғартамыз деді.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:

- Біз енді Астанамыздың атын өзгерту арқылы Елбасының саясаты әрі қарай жалғасатынын, Елбасының басымдықтары, сыртқы саясаттағы, ішкі саясатымыздағы басымдықтардың әрі қарай жалғасатынын барлық қазақстандықтарға және әлемге жариялап отырмыз. Бұл енді Елбасының стратегиялық мақсаттарының әрі қарай жүзеге асатынының бір манифестациясы деп айтсақ, артық болмайтын шығар. Барлық мемлекеттермен жақсы қарым-қатынасты сақтау, экономиканы дамыту, дағдарыс болып жатқан мемлекеттерге өзіміздің көмегімізді беру, бітімгершілік функцияларымызды әрі қарай жалғастыру сияқты Қазақстанның сырты саясатындағы еңбегін басқа мемлекеттер бағалап отыр. Сондықтан бұл біздің халықаралық саясатымыздың әрі қарай жалғасатынын нышаны деп қарауға болатын шығар. Ішкі саясатымыздағы Елбасымыздың басымдылығы - халықтың әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту. Осы саясаттың жалғасатының нышаны деп қарауымыз керек. Сондықтан елордамыздың атын өзгерту - Қазақстанның стратегиялық мақсаттарынын әрі қарай жүзеге асырып, дамыңан 30 елдің қатарына қосылу бағытындағы үлкен қадамдардың бірі деп қарастыру керек.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев «Нұр-Сұлтан» атауы дефис арқылы жазылғаны оқылуына да, халықаралық стандарттарға да сай келеді деген де пікірлер бар. Шетелде де, елде де қабылдануы үшін ыңғайлы шешім деп сарапшылар айтып жатыр. Сол дұрыс болады деп сенеміз», - деп қосты.

 

Хабар 24 телеарнасы