379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында биыл 23 IT-технология кабинеті ашылады

  • 131
  • UPD: 23:16, 21.03.2019

Былтыр «Бақытты бала» жобасымен аймақтағы білім беру мекемелеріне заманауи проекторлар, 3D принтерлер мен роботты техника кешендері сатып алынған, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Алтыншы сынып оқушысы Нұрмүбәрак «болашақта ІТ саласының маманы» боламын», – дейді. Жеткіншектік арманы – робот құрастыратын компания ашу. Сондықтан робототехника үйірмесіне қалмай келіп жүр. ІТ-кабинетінде бағдарлама жасауды үйренеді, жалпы жаңа технологияның тілін меңгереді.

Нұрмүбәрак Сүйенбаев, №40 мектеп оқушысы:

- Робототехника үйірмесі аптасына бір рет өтсе де, өте қызықты өтеді. Осыған байланысты біз жұптасып жұмыс істеп, көптеген роботтарды жасап үйрендік. Мысалға айтатын болсақ, робоқол, күшік, жүктасығыш, тағы басқа роботтарды үйрендік.

Бұл мектепте ІТ-технология кабинетінің ашылғанына көп болған жоқ. Бұрын теорияны оқыған балалар енді білімін тәжірибе жүзінде іске асырып жатыр. Қызығушылықтары өте жоғары. «Оқушыларды робот жасауға үйрету арқылы инженер және техник мамандарын мектеп қабырғасында дайындауға болады», – дейді мұғалімдер.

Бауыржан Сарин, мектеп директоры:

- Былтырғы оқу жылында бізге қиындық туды. Мектебімізде ешқандай құралдар болмады, тек теория жүзінде оқыттық. Қалған тұрмыстық заттарды құрастыруды үйрендік. 2018-2019 жылдары демеушілер 8 млн қаражат бөліп, толық ІТ-кабинетін сыйға тартты.

Былтыр облыста 25 кабинет ашылса, оның тоғызы қала мектептерінде орналасқан. Өткен оқу жылында 1500 оқушы ІТ-технология, роботехника үйірмесіне қатысқан.

Ерлан Маемеров, облыстық білім басқармасының жетекші маманы:

- 2019 жылы жоспар бойынша 23 ІТ-сынып ашу жоспарланды. 2021 жылы 25 кабинет ашу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта 3 жылдың ішінде оқушылардың санын 25 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.

Кабинеттердің біразы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ашылды. Демеуші компаниялар бірнеше мектепті толық жабдықтады. Бұл жұмыстар жалғасады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы