379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда атауының өзгеруіне қатысты қоғам өкілдері не дейді?

  • 657
  • UPD: 15:20, 22.03.2019
Елорда атауының өзгеруіне қатысты қоғам өкілдері не дейді? elorda.info

Айтулы мейрамға қарамастан қазіргі уақытта қазақстандықтар Астанаға Нұр-Сұлтан атауын беруді қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Елбасының атын елордаға қойып отырғаным, ол халықтың үлкен рақметі. Екіншіден үлкен үміт өйткені Нұрсұлтан атауы қазақстандық бренд. Осы атауды біздің ұрпақтарымыз бен болашақ ел басқарушылар қолдану керек. Себебі бұл атаудың негізі бар және болашақ жеңістерге жетелейді. Қазір әлеуметтік желілерде осы тақырып жиі талқыланып жатыр. Егер менен сен кім боласы десе мен өзімді Нұр-Сұлтан қаласының әкімімін деймін», - деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

«Астана елорда атауын алған уақыттан бастап еліміздің басты қаласына айналды. Оның атымен маңызды саяси шешімдер, үнемі прогреске ұмтылу, айтулы бастамалар мен биік жетістіктер байланысты. 20 жыл ішінде Елбасы басты стратегиялық шешімдері осы қалада қабылданды. Ал енді атауын өзгерте отырып елорда маңызын одан әрі тереңдей түседі. Төмендегі әр сөздің өзіндік терминологиялық мағынасы бар. Біздің, астана, Нұр, Сұлтан осы сөздердің барлығы қазақ халқы үшін үлкен мағына білдіреді. Біздің астанамыз – Нұр – Сұлтан», - деді Астана қаласы Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин өзінің Фейсбук парақшасында.

«Мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданы, республиканың басты көшелерін Елбасының атымен атау ұсынысын қолдаймын. Нұрсұлтан Әбішұлының елге сіңірген еңбегі зор. Ол мұндай құрметке лайық деп санаймын», - деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өзінің Instagram парақшасында (21 наурыз).

«Қала болды, бар және бола береді. Менің туған жерім Целиноград ес білгелі шағын ғана облыс орталығы болды. Оған дейін Ақмола уезі, ал Целиноградтан кейін қайта Ақмола болды, содан соң жаңа қала Астана пайда болды. Енді Нұр – Сұлтан болады. Жақсы қызметтік өсу. Сондықтан туған жерімнің атауы өзгергенімен оны жақсы көруімді тоқтатпаймын», - деп жазды Астана қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов өзінің Фейсбук парақшасына.

«Даудың дұрыс шешімі- шешенге жүк. Көштің аман жетуі - көсемге жүк. Біз ширек ғасырдан астамғы өткелден аман өттік. Бұл айсеркедей топ бастаған тұңғыш елбасымыздың еңсерген жолы, қол жеткізген табысы. Өз қолымен қалаған, тақырдан қамал тұрғызған, батпақтан қала қалаған Ақмоланың төріндегі әсем Астана сөзіміздің дәлелі. Енді өз баласындай, өзі салған қаланы Нұрсұлтан деп өзгертсек оның несі айып. ҚР азаматы ретінде елдегі тұрақтылық пен дамуға жол ашқан тұңғыш президентіздің құрметіне аталмыш қаланы Нұрсұлтан қаласы деп өзгертсек қандай жарасымды деп ойлаймын», - дейді Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

«Қазақстан тәуелсіздік жариялаған тұста тоқырап тұрсақ, небары ширек ғасырдан астам уақытта ең дамыған, кедейлік пен сауатсыздық жойылған, өз шекарасы, өз Астанасы бар дамыған елге айналдық. Өзге мемлекеттер қызыға қарайтын, дипломатиялық қатынас орнатуға асық болатын мемлекет құрған болсақ бұл тұңғыш президентіміздің арқасы. Осы ретте халық боп қолдап отырған Астана қаласының есімін Нұрсұлтан қылып өзгерту туралы ұсынысқа менде қолдау көрсетемін», - деді Қазақ театр және кино өнерінің тамыл жұлдызы Әділ Ахметов.

Актердің айтуынша, бұл тарихта таңбаланар, үлкен оқиға деп білемін. Тек біз ғана емес біздің болашақ ұрпақтардың да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салған қаласы екенін біліп, тарихты танып өскенін құптағанымыз жөн.

«Мәңгілік еліміздің жүрегі, елордамыз Тұңғыш Президенттің атын алуы қуанышты жаңалық болды.  Тәуелсіздіктің жемісіне айналған бүгінгі Астана - арман қала! Алғашқы күннен eлбасымыз қаланың көркейіп, астанаға лайық болуына зор сенім артты, қаншама еңбек жасалды. Соның бәрі ақталды деп ойлаймын. Бүгін елордамызда әлем көз тіккен, қызыға қарайтын үлкен шаралар ұйымдастырылуда. Жеріміз гүлдене берсін, еліміз аман болсын! Наурыз мейрамы тек жақсылық әкелсін», - дейді Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың негізін салушылардың бірі, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Исабекова.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға Нұр-Сұлтан атауын беруді ұсынған болатын

Өз кезегінде қала басшысы Б.Сұлтанов біз астаналықтар болып қала береміз деп пікір білдірген болатын.

Хабар 24 телеарнасы