377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Серікбай қажы Ораз Астана атауын ауыстыру туралы пікір білдірді

  • 266
  • UPD: 23:13, 22.03.2019

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесі және діндар қауым Бас қаланың Нұр-Сұлтан атауына ие болуын бірауыздан қолдайды.

Қоғамның әрбір мүшесі, Тәуелсіз еліміздің даму кезеңінде Елбасының қолтаңбасы бар екенін жақсы біледі. Сондықтан бұл заңды шешім дейді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Серікбай қажы Ораз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:

- Астананы Нұр Сұлтан деп атауы әрі заңдылық, әрі ол кісінің еңбегіне берілген әділ баға деп айтар едім. Өйткені Мухаммед пайғамбарымыздың хадисінде адамға алғыс айта алмаған Құдайға шүкіршілік ете алмайды дейді. Біз бірауыздан мұны қолдаймыз. Еліміздегі рухани әлеуметтік, экономикалық қаншама жүзеге асып жатқан үдерісті істердің баршасының басында да және біздің сол елбасының осы тарихи еңбегінің арқасында.

Хабар 24 телеарнасы