379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде дәстүр дәріптеліп, ұлттық өнер ұлықталды

  • 132
  • UPD: 09:18, 23.03.2019
Өскеменде дәстүр дәріптеліп, ұлттық өнер ұлықталды

Ұлыстың ұлы күнін шығыстағы ел-жұрт биыл жаңа форматта тойлады.

Басты басымдық Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті» қыры мақаласына берілді. Орталыққа тізілген 7 киіз үйге «Аң стилі», «Атқа міну дәстүрі», «Көне металлургия» деген атаулар беріліп, ішіне құнды жәдігерлер қойылды. Олардың бәрі де соңғы 5 жылда өңірде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар. Жалпы бір айға созылатын мерекенің алғашқы үш күні үш түрлі атаумен тойланды. Наурыздың жиырмасын – «Дәстүр», жиырма бірін – «Достық», ал жиырма екісін «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. 

Наурыз – дәстүрді дәріптеп, жақсылықты жаңғыртатын мейрам. Биылғы  мерекеде ұлттық киім кюден байқау ұйымдастырылды. Ең әдемі киім үлгісін көрсеткендер арнайы сыйақыға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы