379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі ауданда 100 литрден астам наурыз көже пісірілді

  • 134
  • UPD: 11:51, 23.03.2019
Ақтөбедегі ауданда 100 литрден астам наурыз көже пісірілді

Ақтөбеде Наурыз тойы әрбір аулада аталып өтуде.

Көршілер боп бас қосқан тұрғындар есік алдына киіз үй тігіп, қазан-қазан ас даярлауда. Мәселен, Нұр Ақтөбе ауданында 100 литрден астам көже пісіріп, 30 келіге жуық палау тартқан. Ақсақалдар бұл күні өскелең ұрпаққа бата беріп, дастарханға жайылған асты қалдырмай жеуге кеңес береді. «Ұлыстың ұлы күні көжеге тойсаң, жыл бойы ырыс пен берекелі болады» деген сенім бар. Бір ерекшелігі, бұл аудан тұрғындарының басым көпшілігі жастар. Мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несиемен баспанаға қол жеткізген. Той-думан бүлдіршіндер арасында өткен асық ату, арқан тартыс сияқты ұлттық ойындарға ұласты. Тұрғындар бұл дәстүрді алдағы жылдары да міндетті түрде жалғастырамыз деп отыр.

Әйгерім Ахметова, қала тұрғыны:

- Ұлыстың ұлы күнін осындай ұлы көршілерімізбен қарсы алып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Еліміз, жұртымыз аман болып, аспанымыз ашық, әрқашан сәбидің күлкісі кетпей, кең байтақ елімізде өмір сүре берейік. Наурыз құтты болсын.

Айнұр Оңғарова, қала тұрғыны:

- Әсіресе жастардан гөрі үлкен кісілер күннің шуағына мәз. Билеп, көңіл көтеріп, жастардан жақсы энергия алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы