389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы елорданың атауына қатысты пікір білдірді

  • 883
  • UPD: 12:34, 24.03.2019

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың  «Нұр-Сұлтан»  болып өзгеруін оң шешім деп бағалап отыр.

Елбасының стратегиялық жоспарының арқасында облыста жаңа автомобиль, темір жолдар мен теңіз порттары салынып, Европаға тікелей жол ашылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылды. «Елге ерен еңбегі сіңген Елбасы есімінің елордамызға берілуі орынды»,-дейді аймақ жұртшылығы. Тұңғыш Президентке алғыстарын жеткізгендердің қатарында мұнайшылар, теміржолшылар, кәсіпкерлер мен зауыт жұмысшылары бар. құрылыс мекемелері мен өндіріс ошақтарының ұжымы да еліміз үшін маңызы зор тарихи шешімді оң бағалап, қолдап отыр. «Маңғыстау құрылыс саласында 2018 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 1 миллион 200 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Бұл Елбасының бастамасымен іске асырылған «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жемісі» дейді құрылысшылар.

Звира Есбергенова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Қазақстан халқының патриоты есебінде, «Нұр Отан» партиясының мүшесі есебінде Астана қаласының Парламент, қоғам көтеріп жатқан Астана қаласы атауын өзгертудің, Елбасының атына ауыстыруды өте қолдаймын. Біздің Астана ол Тәуелсіздігіміздің тұғыры, Астана ол Елбасының еңбегі. Астана Елбасының арқасында осындай деңгейге жетіп, біздің әсем қаламыз болып, басты қаламыз болып қалыптасты. Сондықтан да бұл өте дұрыс шешім деп айтамын.

Жетібай Төлеқожаев, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының өкілі:

- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ атынан, өз атымнан соңғы болып жатқан жаңалықтар, соның ішінде Астана қаласының «Нұр-Сұлтан» атына берілуі өте дұрыс деп айтамын. Себебі Елбасының көп еңбегі бар. Жаңа керемет қала салып берді. Өзі архитектор болды.

Хабар 24 телеарнасы