376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда атауын өзгертуге қатысты түркістандықтар пікір білдірді

  • 210
  • UPD: 09:48, 25.03.2019

«Астана – Елбасының өз туындысы. Елорданың бас архитекторы да – Тұңғыш Президенттің өзі. Сондықтан елорданың атауын – «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту – дұрыс шешім», – дейді Түркістан өңірінің халқы.

Жанболат Сүйінбай, қоғамдық бірлестік төрағасы:

– Астана қаласының бас архитекторының өзі – Нұрсұлтан Назарбаев. «Нұр-Сұлтан» атауын беру өте орынды. Өйткені еңбек сол кісінікі.

Перизат Есенова, жеке кәсіпкер:

– Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғырын қалаған Елбасымыздың есімін Астана қаласына беруін өз тарапымнан қолдаймын. Бізді дүние жүзіне паш еткен, тәуелсіз ел екенімізді танытқан Елбасыға өте ризамыз.

Райымбек Бақытұлы, қалалық мәдениет үйінің қызметкері:

– Елордамыз Астана қаласының атауын Нұрсұлтан Әбішұлының атымен «Нұр-Сұлтан деп өзгертуге Түркістан қаласының жастары тек қана қолдау білдіреміз. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы Астана қаласының іргетасын өзі қалаған. Елбасымыздың ерен еңбегі одан да үлкен мәртебеге ие.

Хабар 24 телеарнасы