384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да аз қамтылғандар үшін тұрғын үйлер салынады

  • 414
  • UPD: 15:31, 26.03.2019
БҚО-да аз қамтылғандар үшін тұрғын үйлер салынады

Батыс Қазақстан облысында көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған 21 мыңдай отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

19 мыңдай адам жалға берілетін тұрғын үй кезегінде тұр. Орал қаласында аталған санаттағы азаматтар үшін биыл 800 пәтерлік 4 үй салынады. Айта кету керек, елімізде көп балалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін жеңілдетілген процентпен 22 мыңдай ипотекалық несие беру көзделіп отыр. Жеңілдетілген несие мен арендалық үйлер құрылысы үшін алдағы 7 жыл бойына 100 миллиард теңге қаржы бөлу қарастырылған. 

Мирас Мүлкәй, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:  

- Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға келер болсақ, ағымдағы жылы 216 пәтерді құрайтын 41 дақ үйін қолданысқа беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 41 дақтан басқа қаланың солтүстік-шығыс бетінде тағы бір үй салынып жатыр.  Аталған үй ол да 216 пәтер, аталған үйді 2020 жылы тапсырысқа беруді жоспарлап отырмыз. Және әлеуметтік топтарға осы екі үйден басқа 198 пәтерлі 2 үйді бастауға жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы