379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент тұрғындары: Үшінші мегаполисті құруда Елбасының еңбегі зор

  • 212
  • UPD: 22:57, 26.03.2019

Еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкент қаласының дамуы қарқынды.

Тәуелсіздік алғаннан бері тәуір түрленген шаһар алдағы уақытта та гүлдене түседі. Жергілікті билік бұл үшін ілкімді жобалар жетерлік деп отыр.

Ал жұртшылық шаһардағы өркенді істердің әрқайсында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі бар деп біледі.

Шымкент – жұмыр жердегі жақұт шаһар. Шымшаһардың миллионды қала мәртебесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады дейді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт. «Еліміздің үшінші мегаполис атануына Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасының ерен еңбегі, қосқан үлесі айқын. Мұны жоққа шығаруға болмайды», – дейді қала тұрғыны.

Мархабат Байғұт, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:

– Шымкенттің шырайлы қала екенін, келешегі зор үшінші ірі қалаға айналатынын Елбасы айтқан болатын. Соның барлығы жүзеге асты. Бұл тарихи шешім болды. Шымкенттің қазіргі көркеюі – Елбасының еңбегі.

Шымшаһар 2020 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы атанған болатын. Ірі мегаполистің мұндай мәртебеге ие болуы да тегін емес. 2020 жылға бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асыруды әзірден ойластырып қойыпты. Мәселен қаланың «ескі шаһар» аталып кеткен бөлігі терең зерттеп зерделенуде. Мұнда сондай-ақ этно ауыл мен ашық аспан астындағы музей бой көтермек. Астана мен Алматыдан соң мегаполис атанған шаһарда енді туристер саны артады дейді жергілікті билік. Осы арқылы қалаға құйылатын инвестиция көлемі ұлғаймақ. Ал миллионды қала статусына әсіресе демографияның үлесі басым. Себебі еліміздегі әрбір төртінші сәби осы Шымкент пенен Түркістан облысында дүниеге келеді.

Ал миллион тұрғыны бар шаһар солтүстік-батыс және шығысқа бағытқа қарай дамиды дейді қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасындағылар. Шымкенттің іргесінде «Шым сити» қалашығы мен «Тұран» мөлтек ауданын өркендетуге аса басымдылық беріліп отыр. 420 гектар аумақты алып жатқан «Шым Сити» қалашығында 316 нысан бой көтереді. Шаһардағы ең биік көп қабаттты зәулім үй де осында тұрғызылмақ. «Шым сити» қалашығында 70 мың адам қол жетімді баспанамен қамтылады деген жоспар бар. Себебі қалада қазіргі таңда 37 276 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл шаһарда 4 524 пәтерлі 81 үйдің құрылысы жүргізілуде. Халық саны өскен сайын көлік нөпірі ұлғаяды. Шаһарда қазіргі таңда 340 мыңнан астам көлік бар. Осыны ескерген сала мамандары қазірден қала ішіне жолайрықтар салып, басты көшелерді кеңейтуге көшкен.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы