384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында су тасқыны қаупі сақталып отыр

  • 717
  • UPD: 11:53, 27.03.2019

Қостанай облысында биыл қар тиісті нормадан аз түскенімен су тасқыны қаупі сақталып отыр. Ауа-райын болжаушылар айтқандай осы апта жауын-шашынды болса, жазық даладан келетін ерінді су біраз әбігерге салуы мүмкін. Сондықтан дайындық шаралары күшейтіліп, өзен бойындағы мұзды жару жұмыстары басталды. 

2017 жылы Қарасу ауданына қарасты төрт елді-мекенді су басқан болатын. Әсіресе жағалауға жақын орналасқан Зеленов пен Ленин ауылдары біраз зардап шеккен еді. Биыл ондай төтенше жағдайларға жол бермес үшін алдын-ала қам жасалды.

Биыл өзен мұздарын жаруға жылдағыдан екі есе көп жарылғыш зат бөлініп отыр. Ондағы мақсат жауын-шашынның алдын алып, екі-үш күнде ағынды судың жолын аршу.

Руслан Орымбеков, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Біздің есеп бойынша мұз жару жұмыстары 60 иыңға жуық куб метрінде мұз жару жұмысы жүргізіледі. Қазіргі таңда бізде бүгінгі таңға алып қарайтын болсақ, 30 мыңнан аса куб метрде мұз жару жұмыстары жүргзіліп бітті.

Қар көбесі сөгіліп, қара жер көріне бастағанымен, қауіптің беті сейілді деуге болмайды. Айтпай келетін апаттан жүректері шайлығып қалған ауылдықтар  қызыл су ағысын бағамдап отыр.    

Бақтияр Айтбаев, Черняев селолық округінің әкімі:

- Алқаптардан келетін қар суынан қауіп бар. Күрт ерейтін болса, бізге жайсыздық тудыруы мүмкін. Әзірге ондай ахуал байқалмайды.

Ресми мәлімет бойынша, облыста 39 елді мекенді су басуы ықтимал.Қазір сол аймақтарда бақылау бекеттері ашылған. Ондағы мамандар күн сайын қардың, судың денгейін өлшеп отырады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы