378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы автобус апатынан жараланған 3 адам тыныс алу аппаратына қосылған

  • 188
  • UPD: 12:38, 27.03.2019

Елордадағы жол апатынан зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың өздігінен дем алуы қиындаған соң тыныс алу аппаратына қосылған.

Қалалық нөмірі екінші аурухананың бас дәрігері Иван Лидың айтуынша, қазір олардың жағдайы тұрақты көрінеді. Науқастардың жағдайын білу үшін медициналық мекемеге қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді. Олар әр азаматтың жағдайымен жеке-жеке танысып, қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін айтты. Бізге мәлім болғаны, кешегі көлік оқиғасы орнынан нөмірі екінші ауруханаға барлығы 29 жолаушы жеткізілген.         

Иван Ли қалалық №2 аурухананың бас дәрігері:

- Үш адам жан сақтау бөлімінде, тағы екеуі хирургияда жатыр. Кеше өмірлеріне қауіп төнген соң, 5 науқасқа шұғыл операция жасадық. Тағы бірнеше операция жасау жоспарланып отыр. Қазір барлығының жағдайы тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы