379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ер адамды құтқаруға келген құтқарушы мен полицей суға түсіп кетті

  • 278
  • UPD: 14:24, 27.03.2019
Елордада ер адамды құтқаруға келген құтқарушы мен полицей суға түсіп кетті Видео кадрынан

Нұр-Сұлтан полицейлері өзенде батып бара жатқан адамды құтқарып қалды.

Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға 26 наурызда кешкілік Қазақ гуманитарлық заң университетінің артында болған. Жол қысқартпақ болған ер адам мұз үстімен өтемін деп, Есіл өзеніне түсіп кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Руслан Бүркітбаев пен Дәулет Әбуов келді. Олар ТЖД-мен бірге ер адамды өзеннен алып шықты.

«Құтқарушы мұз үстімен ер адамға еңбектеп жетіп, оны арқан жіппен орады. Бірақ мұз сынып кетіп, ер адаммен бірге құтқарушы мен полицей де өзенге құлады. Басқа полицейлер көмекке келіп, үшеуін судан алып шықты», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Хабар 24 телеарнасы