388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда айналмалы жолдар салынады

  • 403
Нұр-Сұлтанда айналмалы жолдар салынады

Елордада кептеліс мәселесін шешу үшін айналмалы жолдар салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін қазір 20 жер телімі сатып алынды. Айналмалы жолдар Тілендиев, Күмісбеков, Кенесары және Абай даңғылдарының бойында бой көтереді. Айта кетейік, былтыр қала билігі бұл мақсатқа 6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған болатын. Бірақ жыл сайын бөлінетін қаржының көлемі ұлғайып келеді. Нәтижесінде жер телімдерін нарықтың бағасымен алуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде учаскесін сатуға наразылық білдіретін тұрғындар санының әлдеқайда азаюына ықпал етті.

Руслан Ахметов, қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы:

– Қазір осы сессияға 1 млрд 680 млн теңгеге қаражат игерілген. Игерілген қаражатқа жер аламыз.

Хабар 24 телеарнасы