379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер 12 мың бүлдіршінге екпе жасауды жоспарлап отыр

  • 118
  • UPD: 15:23, 01.04.2019

Елімізде бүгін қызылша ауруына қарсы екпе науқаны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бірінші кезекте 9 айлық нәрестелер мен дертті жұқтырған науқастарға ем жүргізген медицина қызметкерлері егіледі.

Елорда уақытымен батыс өңірдің уақыт айырмашылығына байланысты емханалар келушілерді енді ғана қабылдауда. Дегенмен бұған дейін дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. Дәрігерлер 12 мың бүлдіршінге екпе жасауды жоспарлап отыр. Олардың айтуына қарағанда, қызылша ауруының алдын алудың бұл бірден-бір жолы. Айта кету керек, елімізде жыл басынан бұл дертті жұқтырған 4670 адам тіркелген. Оның ішінде 3350-і бүлдіршіндер. Республиканың барлық аймақтарында орын алған.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, тиісті вакцина еліміздегі барлық медицина мекемелеріне жеткізілді. Үндістан елінен алынған дәрі-дәрмек саны 651 мың дана. Бюджетте бұл мақсатта 788 миллион теңге бөлінген. Айта кету керек, түрлі дерттерге қарсы вакцина сатып алуға Қазақстан жыл сайын 27 миллиард теңге қаржы жұмсайды. Себебі жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған ем-дом шараларының ең тиімдісі – екпе алу.

Авторы: Мансұр Есқожин

Хабар 24 телеарнасы