377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды

  • 144
  • UPD: 23:46, 02.04.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын.

Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.

 

Хабар 24 телеарнасы