379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда букмекерлік кеңселерде жүрген жеткіншектер жауапқа тартылды

  • 105
  • UPD: 15:22, 04.04.2019
Оралда букмекерлік кеңселерде жүрген жеткіншектер жауапқа тартылды

Оралда соңғы 3 айда ойын-сауық орталықтарын жағалауды әдетке айналдырған 174 жасөспірім жауапқа тартылыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары 254 жеткіншектің ойын-сауық орталықтарымен букмекерлік кеңселерде уақыт өткізетіні анықтап отыр. Көбі кәмелеттік жасқа толмаған колледж шәкірттері. Бала тәрбиесіне жете көңіл бөлмеген 18 ата-анаға айыппұл салынды. Ювеналды полиция инспекторлары жыл басынан бері прокуратура, білім беру қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және ата-аналар комитетінің мүшелерімен бірлесіп 25 мәрте рейд ұйымдастырған.

Мәдина Құспанова, қалалық ПБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы: 

- Ойын-сауық орталықтарды, компьютерлік клубтарды, букмекерлік контораларды тексеріп тұрамыз. Рейдтің нәтижесіне тоқталатын болсақ, 3 айда 850 құқықбұзушылық анықталып отыр. Оның төртеуі ойын-сауық орталықтарына түнгі уақытта жасөспірімдерді өздерінің заңды тұлғаларынсыз кіргізгені үшін ойын-сауық орталықтарының иелеріне хаттамалар толтырылып, қазіргі таңда сотқа жолданған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы