379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әкім бол, халқыңа жақын бол. Әлеуметтік желілерде белсенді кім?

  • 177
  • UPD: 13:02, 05.04.2019

Әкім бол, халқыңа жақын бол. Ақпараттық технологиялар дамыған қазіргі уақытта халыққа етене жақын болудың тиімді жолы осы әлеуметтік желілер.

Бұл тұрғыда алматылық әкімдер қаншалықты белсенді?

«Мынау мысалы, жазып емес ауызша жібергендері. /Ашық люк туралы хабарласқан әйел/: «Саламатсыздар ма? Бұл Ақжар ықшам ауданындағы Рымғали Нұрғали көшесіндегі 32 үйге қарама-қарсы коттеджді городоктың жанында тұрған люк ашық тұр. Қанша күннен бері ашық тұр. Ертең мектепке оқушылар барады. Кешке қарай сабақтан қайтады. Түсіп кету қауіпі бар. Мысалы, осылай жазады».

Осы сынды акпарат Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Әділұлының уотсап желісіндегі номеріне күн сайын келіп түседі екен. «Желінің көмегімен ауданда болып жатқан жаңалықтардан дер кезінде хабардар болып отырамын», - дейді әкім.

Санжар Тоғай, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі:

- Көшеде бір проблеманы көрсе, суретке түсіріп біздің горячий линияға уотсап мессенджері арқылы жіберсе, біз шұғыл түрде соған шара қолданамыз. Бұл біздің де жұмысты оңтайландырып, жеңілдетеді. Халықты да ақпаратты тез алуға көмектеседі.

Бұдан бөлек әкімнің Инстаграм мен Фейсбук желілерінде өз акаунттары бар. Ғаламторда белсенділердің бірі - Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин. Дегенмен, қалған аудандардың жетекшілері әзірге әлеуметтік желіде белсенді емес. Ал аудандық әкімдік атынан ашылған парақшаларды жүргізу әкімдіктегі белгілі бір бөлім мамандарына жүктеледі.

Шавкат Сабыров, Қазақстандағы интернет қауымдастық президенті:

- Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы билік өкілдерінің барлық әлеуметтік желілерде өз аккаунттары болуы керек. Халық тарапынан туындайтын барлық сұрақтарға жауап беріп, қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалауы қажет.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов Фейсбукте белсенді. Қалада атқарылған іс-шаралар туралы посттар жариялап, тұрғындардың суалдарына жауап беріп тұрады. Сондай-ақ 200 мыңға жуық тіркелушісі бар akimat_almaty аккаунтының қызу пікірталас алаңына айналғанын айта кеткен жөн. Жолдың жайы, су мен қоғамдық көліктің жағдайы және басқа да толғандырған мәселелер болса тұрғындар осында жазуды дәстүрге айналдырған.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы