388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

  • 589
  • UPD: 13:32, 05.04.2019
Шымкентте арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды knb.gov.kz

ҰҚК-ның Шымкент бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесіндегілер жергілікті бизнесмендерден ірі сомадағы ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған.

Банда мүшелерін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден күш қолданумен және оның өміріне қауіп төндірумен 10000 АҚШ долларын қорқытып алу сәтінде жүзеге асырылды.

ҰҚК мәліметінше, бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орын анықталды, 5 бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды.

Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы