377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде студенттер театрының фестивалі өтіп жатыр

  • 114
  • UPD: 23:42, 05.04.2019
Өскеменде студенттер театрының фестивалі өтіп жатыр

«Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы».

Өскемен қаласында осындай атаумен жоғары оқу орындары жанындағы студенттердің театр фестивалі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жастар жылы аясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан мәдени шараға еліміздің 12 қаласынан студенттер театрлары қатысып жатыр. Олар екі күні бойы әр түрлі тақырыптағы шығармаларды сахналайды. Әрбір театрға 30 минуттан уақыт беріледі. Тақырып таңдауда шектеу жоқ.  

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолoв атындағы ШҚМУ ректоры:

- «Дарақ бір жерден көгереді» дейді. Біздің театр бірікітіріп отыр. Әрине, болашақта олардың арасынан дарынды актерлер де шығуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы