379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда 6 индустриалды аймақ құрылады

  • 179
  • UPD: 07:45, 07.04.2019
Жетісуда 6 индустриалды аймақ құрылады

Алматы облысында жалпы аумағы 3 мың гектар болатын 6 индустриалды аймақ құрылады.

Онда 300-ден астам кәсіпорын орналасады. Индустриалды аймақтар қазір дамудың әр кезеңінде тұр. Бірінде жобалық-сметалық құжаттары әзірленсе, келесісінде инженерлік желілер тартылуда. Ал «Талдықорған» индустриалды аймағында зауыттар салына бастады. Екінші жартыжылдықта алғашқы кәсіпорындар пайдалануға беріле бастайды. Оның аумағы 600 гектар жерді алып жатыр. Алдағы уақытта мұнда 70 кәсіпорын шоғырланатын болады.

Санжар Сабырбаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

- Индустриалды аймақта жалпы сомасы 17,8 миллард теңгенің 6 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр. Онда пектин шығаратын, ет өңдейтін зауыт, сервистік дайындау орталығы, нан өнімдерін өндіретін комбинат пен майлы дәнді-дақылдарды өңдейтін зауыттар жұмыс істей бастайды.

Хабар 24 телеарнасы