377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында су басу қаупі әлі сейілген жоқ

  • 102
  • UPD: 18:14, 08.04.2019
Ақмола облысында су басу қаупі әлі сейілген жоқ Baq.kz

Ақмола облысындағы Целиноград және Астрахань аудандарында тасқын қаупі әлі толық сейілген жоқ.

Тіпті кей жерлерде судың деңгейі белгіленген мөлшерден 50 сантиметрге көтерілген. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов хабарлады. Оның айтуынша, қазір апаттың алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір облыстағы 14 аумақта жағдай тұрақталды. Бұл тізімге Атбасар, Аршалы және Сандықтау аудандары да қосылды. Жабай және Қалқұтан өзендеріндегі су деңгейі апта соңына дейін төмендейді деп болжанып отыр. Су тасқыны кезеңі басталғалы бүлінген 40 тас жолдың 25-інде қозғалыс жанданды. Дегенмен құтқарушылар: «қауіп әлі сақталып отыр», – дейді.  

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

- «Климовская» бөгетіндегі жағдай да күрделі. Онда 8 миллион текше метр су болған. Жоспар бойынша судың 3/2 бөлігі ағызылды. Қайрақты өзенінің маңайында орналасқан елді мекендердің ешқайсысын су басқан жоқ. Осылайша біртіндеп апаттың алдын алып жатырмыз. Алайда қауіп толық сейілді деу ерте. Жағдайды бақылаудан шығармаймыз.

Хабар 24 телеарнасы