379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық шенеуніктер жайлы кабинеттерін жаппай босатып жатыр

  • 200
  • UPD: 21:56, 08.04.2019

Жамбыл облысында мемлекеттік мекемелердің 20 мыңнан астамы осы уақытқа дейін тиімсіз қолданылып келген.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті аймақтағы 497 мемлекеттік мекемеде арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп, осындай байламға келген. Қазір өңірде осы артық алаңдар қызметтік мақсатта пайдалануға беріліп жатыр. Бұл экономикаға да оң әсерін тигізіп, 40 миллион теңгеден астам қаржыны үнемдемек. Мәселен, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы демалыс бөлмесін құжаттарды сақтайтын кабинетке оңтайландырды. Енді мамандардың есеп-қисап қағаздары бір жерге шоғырландырылып, жұмысты жеңілдетпек.

Мүбарак Жинақбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Мынау бұрын демалыс бөлмем болатын, тапсырма берілгеннен кейін бұл жерді құжаттарды сақтайтын бөлмеге айналдырдым.

Жанәділ Құрбанов, ҚР МҚІСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы:

- Облыс бойынша мемлекеттік органдармен алып отырған алаңдарын заттай нормаларын сақтамауының 20 мыңнан аса шаршы метр анықталды. Қазіргі таңда мекемелерді бір жерге орналастырғаннан жылына 40 миллионнан аса қаржы үнемделеді деп есептеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы