379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Маңғыстау облысында 300-ге жуық көп балалы отбасы баспанамен қамтылады

  • 87
  • UPD: 08:30, 11.04.2019
Биыл Маңғыстау облысында 300-ге жуық көп балалы отбасы баспанамен қамтылады

Қазір осы мақсатта Ақтау қаласы мен Қарақия, Түпқараған және Мұнайлы аудандарында жалға берілетін тұрғын үйлер салынып жатыр.

485 пәтердің 290-ы көпбалалы аналарға беріледі. Алғашқы болып Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының 20 шаңырағы қоныс тойын тойламақ. Жаңа үйлердің кілті 1 мамырда салтанатты түрде табысталады. Арендалық үйлер көпбалалы отбасылар үшін өте тиімді, ең төменгі бағада жалдап тұрады. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін жалға берілетін пәтерлер сатып алуға 2,9 млрд теңге бөлінбек.

Нұрдәулет Қилыбай, облыс әкімінің орынбасары:

- Маңғыстау облысы Республикамызда тұрғынүй құрылысы бойынша үшінші орында тұр. Біріншісі Нұрсұлтан қаласы, Алматы, сосын Маңғыстау облысы. Былтыр 1 млн 170 мың шаршы метр тұрғынүй тапсырсақ, оның ішінде коммерциялық үйлер, бар, оның ішінде жалдамалы үйлер бар. Жеке өз бастарына салған үйлер бар. Биыл 1 млн 290 мың шаршы метр тапсырамыз деп көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы