379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулық қоғам қайраткерлері сайлау туралы пікірімен бөлісті

  • 79
  • UPD: 15:16, 11.04.2019
Жетісулық қоғам қайраткерлері сайлау туралы пікірімен бөлісті

Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын арттырып, беделін биіктетпек.

Бұл жетісулық қоғам қайраткерлері мен жазушыларының пікірі. Мемлекеттік маңызы бар саяси науқан дер кезінде өткізілгелі отыр. Өйткені жылдам дамыған жаһандану заманында халыққа өзі сайлаған Президент керек. Көпшіліктің қолдауына ие болған мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Әрі елдің саяси экономикалық даму қарқынын үдетіп, заң үстемдігін қалыптастырады.  

Әміре Әрін, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, ақын:

- Сайлау ең алдымен бізге легитимді заңды Президентті береді. Заңды Президент халықтың атынан небір күрделі мәселелерді шешеді. Екіншіден, Қасым-Жомарт Кемелұлы әділ сайлау өткізуге мен кепілмін деді. Бұл халықтың бойына әділдік ұялайды деген сөз. Ақиқат ұялаған, заңмен жүретін халықтың келешегі қашанда зор болады.

Хабар 24 телеарнасы