379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО тұрғындары «Халыққа көмек» жобасы арқылы біраз мәселесінің шешімін тапты

  • 77
  • UPD: 21:16, 11.04.2019
СҚО тұрғындары «Халыққа көмек» жобасы арқылы біраз мәселесінің шешімін тапты

«Nur Otan» партиясы биылғы ақпан айынан бастап жаңа «Халыққа көмек» жобасын жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол арқылы тұрғындардың біраз мәселесі шешімін тапты. Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында осы уақыт аралығында қоғамдық қабылдауға 100-ден астам өтініш түсіп, әрбір төртіншісі бойынша оң шешім шыққан.

Қаракөз Қожахметова - алтын құрсақты ана. Азаматша жалғыз өзі қазір сегіз бала тәрбиелеп отыр. 4 немересі тағы бар. Көп жылдар бойы баспана жалдап тұрған оған, былтыр үш бөлмелі пәтер де берілді. Бірақ соңғы кездері коммуналдық қарызы өсіп кеткен. Мәселені шешуге «Nur Otan» партиясы қолқабыс етті.

Қаракөз Қожахметова, көп балалы ана:

- 25 мамырға дейін уақыт берді. Мен атаулы әлеуметтік көмек ақшалары түскенше құжаттарды жинауға. Әйтпесе, мені сөндіріп кетсе, оны қосудың өзіне 9 мың керек.

Жалпы «Халыққа көмек» жобасы ақпан айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Содан бері Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан 15 қоғамдық қабылдауға барлығы 104 адамнан шағым түскен. Бүгінгі күні сұрақтардың 25% шешімін тапты.

Рүстем Әлібеков, «Nur Otan» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

- Біз сұрақтардың барлығын шеше алмаймыз ғой. Сондықтан, 78 арызды жауапты мемлекеттік органдарға жібердік. Қазір олар қаралып жатыр. Уақыты келгенде заң жүзінде жауап беретін боламыз.

Айта кету қажет, азаматтардың көбі партияға атаулы көмек алу, баспана және балаларды балабақшаға орналастыру сынды сұрақтармен арызданған.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы