389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани жаңғыру»: Оралдық белсенді жастар ашық пікір алаңында бас қосты

  • 613
«Рухани жаңғыру»: Оралдық белсенді жастар ашық пікір алаңында бас қосты

Оралда белсенді жастар «Сананы өзгертетін ойлар» тақырыбын арқау еткен ашық пікірлер алаңында бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға өңірде түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді жастар «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен жас кәсіпкерлер қатысты. Мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 принципін іске асыру. Айта кету керек, биыл аталған бағдарламаның жұмысын бастағанына 2 жыл толды. Осы уақыт ішінде жеткен жетістіктер, оң нәтижелер баршылық. Ең бастысы, белсенді азаматтар бір-бірімен танысып, озық тәжірибелерімен бөлісуді үрдіске айналдырды. Бұл жастардың өмірден өз жолын тауып, азамат болып қалыптасуы үшін өте қажет, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Аян Сакошев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– Өңіріміздің ең белсенді, дарынды, әр түрлі салада өзінің еңбектерімен өңіріміздің дамуына үлестерін қосып жүрген жастарызыз өз ойларымен, өмірлік тәжірибелерімен бөліседі. Бұл – біздің басқа тұрғындарға, жастарға мотивация.

Назерке Ишанғали, спорттық бал билері бойынша бапкер:

– Мен «GB» балет мүшесі болып Германияда жұмыс жасадым. Әрине, оған жету оңай болған жоқ. Өте қиын сындардан өттік. Сол қиыншылықтарға қарамастан, өзімнің алға қойған мақсатыма жете білдім. Және де басқа да жастарға, өзімнің құрбы-құрдастарыма да өмірде оңай жолды таңдамай, қиын жолды таңдауды ұсынамын.

Хабар 24 телеарнасы