388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық жұмысы қорытындыланды

  • 744
  • UPD: 15:39, 12.04.2019

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басталғалы бері «Туған жер» жобасының аясында меценаттардың көмегімен 27 мектеп, 115 балабақша және 479 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында айтылды. Жиында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының іске асырылу барысы мен жаңа жобалардың жоспарлары да талқыланды. Отырысқа төрағалық еткен Марат Тәжин, екі жыл ішінде бағдарлама шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Мәселен, ел тарихында алғаш рет әлемнің ең үздік деген 48 оқулығы қазақ тіліне аударылды. «Киелі Қазақстан» картасы әзірленіп, өлкетану бағытында да көптеген жоба іске асты. Марат Тәжин бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырды. Ал олардың орындалуы Президент Әкімшілігі мен Ұлттық комиссияның ұдайы бақылауында болмақ.

Хабар 24 телеарнасы