378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жастардың бизнес идеясын қолдау үшін 150-ден астам жоба қолға алынған

  • 79
  • UPD: 08:55, 15.04.2019
ШҚО-да жастардың бизнес идеясын қолдау үшін 150-ден астам жоба қолға алынған

Еліміздің жастары – қоғамды алға сүйреуші үлкен күш.

Сондықтан әрбір саяси науқаннан тыс қалған емес. Елде қабылданған шешімдер мен маңызды шараларда белсенділік көрсетіп, пікірлерін ашық білдіреді. Ал жастарды қолдау үшін бүгінге дейін қабылданған бағдарламалардың толық орындалуын қалайды. Қазір Шығыс Қазақстан өңірінің өзінде жастардың бизнес идеясын қолдау бойынша 150-ден астам жоба қолға алынған. Сол үшін 9 маусымдағы кезектен тыс өтетін президент сайлауын қолдап отыр. Аймақтағы жоғарғы оқу орындарындағы белсенді жастар бас қосып саяси науқанға қатысты өз пікрілерін білдірді. Олардың ойы бұған дейін бастаған жұмыс аяқсыз қалмауы тиіс дегенге саяды.

Қуат Рахымбердин, заң ғылымдарының докторы:

– 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғаны белгілі. Сондықтан жастар жауапкершілікті сезініп, дұрыс таңдау жасау керек екенін жақсы түсінеді. Ал кезектен тыс сайлаудың өткізілуі – елдегі демократияның бір көрінісі.

Хабар 24 телеарнасы