389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 100-ден аса медициналық мекеме салынады

  • 438
  • UPD: 21:04, 16.04.2019

Алдағы үш жылда Алматы облысында 109 медициналық мекеме салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар 18 мектеп бой көтермек. Бүгін жұмыс сапарымен Жетісу жеріне келген Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді. Үкімет мүшелері өңірде жүзеге аса бастаған «Әлеуметтік жол картасы» бағдарламасының орындалуымен танысты. Жобаға 3 млрд 380 млн теңге бөлінген. Қаражат есебінен көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды. Балалары балабақшамен қамтылып, төлемдерінен босатылды. Мектеп жасындағыларын тегін тамақтандыру қолға алынды. Сонымен қатар «Әлеуметтік карта» деп аталататын геоақпараттық жүйе жасалды. Онда көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар туралы жан жақты мағлұмат жинақталып, соған сәйкес көмек көрсетілмек. Бұдан кейін Үкімет мүшелері көпшілікпен кездесіп, «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын түсіндірді. Тұрғындар тарапынан қойылған, білім, денсаулық, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек алу, несиелендіру бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Одан кейін әлеуметтік мекемелерді аралап, тұрмысы төмен отбасылардың хал жағдайын білді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Облыста жұмыс жақсы істеліп жатыр. Облыс демографиялық тұрғыда өсіп келеді. Осы облыста 40 мың көп балалы ана бар. Соның 18 мың отбасы, 87 мың адам көмек алады. Оның ішінде балалар. Әлеуметтік карта жасалған. Мамыр айыннан бастап, 80 отбасыға арендалық үй беріледі. Ол жұмыс та басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы