386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік жастар көпшілікке әлеуметтік желіде үндеу тастады

  • 493
  • UPD: 10:50, 18.04.2019
Шымкенттік жастар көпшілікке әлеуметтік желіде үндеу тастады

Шымкенттік бір топ жас еліміздің әрбір азаматын табиғатты ластамауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мұны челлендж ретінде әлеуметтік желіге салып, көпшілікке үндеу тастаған. Назар Мұхамедқали, Әмірбек Шәмірхан бастаған жігерлі жастарға табиғатты қоқыстан тазарту туралы ой тауға демалысқа барғанда келіпті. Түркістан облысы Төлеби ауданының Қасқасу елді мекеніне достар болып жиналған олар тау баурайындағы демалыс аймағының лас екендігін көзбен көрген. Содан олар келесі аптада арнайы келіп, 2 сағат ішінде 52 қап қоқыс шығарғандықтарын айтады. Әр қаптың салмағы – шамамен 20-30 келі. Яғни олар сол күні 1 тоннадан астам қоқысты тазартқан. Енді жастар қоршаған ортаға арналған игілікті істі жалғастырмақ ниетте.

Әмірбек Шәмірхан, Шымкент қаласының тұрғыны:

– Бұл челлендж арқылы біз бүкіл Қазақстан Республикасының белсенді азаматтарын қоршаған ортаны сақтауға үндейміз. Алдағы келе жатқан демалыс маусымында демалысқа шыққалы жатқан жұрттың артынан қоқыс қалдырмай жинап жүруіне үндеу жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы