378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық саясаттанушылар мемлекет тұрақтылығының маңыздылығы туралы пікір алмасты

  • 144
Отандық саясаттанушылар мемлекет тұрақтылығының маңыздылығы туралы пікір алмасты

«Елбасының ел дамуындағы рөлі». Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел осы тақырыпқа арналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тарихшылар, саясаттанушылар, жазушылар мен филолог-мамандар егемен ел құрудағы Елбасының рөлі, мемлекет тұрақтылығының маңыздылығы туралы пікір алмасты. Келелі жиынға оқытушылар ұжымы мен студенттер де қатысты. Жоғарғы оқу орнының 3-курс студенті Асылхан Рахым Павлодарға «Серпін» бағдарламасы арқылы келген. Түркістан облысының тумасы болашақта елдің саяси дамуына өз үлесін қосуға дайын.

Асылхан Рахым, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің 3-курс студенті:

– Барлық мемлекет өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін басшысы, лидері мемлекетті қалай, қандай жолға бастайды, сол арқылы мемлекет дамиды. Мемлекетке тәуелсіздік алу – қиын жағдай. Ал тәуелсіздікті алғаннан кейін тұрақтылықты сақтау одан да қиын болатын. Мемлекетте тұрақтылықты орнату арқасында өзге де мемлекеттермен тыныш және бейбіт орнатудың нәтижесінде біз дәл қазір Қазақстан 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Хабар 24 телеарнасы