378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани жаңғыру». Петропавлда 150-ден астам азамат арнайы семинар-тренингтен өтті

  • 152
  • UPD: 09:34, 20.04.2019
«Рухани жаңғыру». Петропавлда 150-ден астам азамат арнайы семинар-тренингтен өтті

Петропавлда «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жүктелген міндеттерді іске асыруға жауапты мамандар үшін арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының мемлекеттік қызметшілері, журналистер мен блогерлер, баспасөз қызметінің мамандары үш күн бойы арнайы курстан өтті. Барлығы 150-ден астам азамат қоғамдық сананы жаңғырту үшін халықпен қалай жұмыс істеу керектігін, әлеуметтік желілерде уақытылы ақпарат берудің тиімділігін меңгерді. Айта кету қажет мұндай шараны ұйымдастыруға орталық коммуникациялар қызметі мұрындық болған. Жалпы мұндай жиындар 26 сәуірге дейін еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіледі.

Гүлмира Садырова, облыстық ішкі саясат басқармасының маманы:

– Ең бастысы халықпен жұмыс істей білуіміз қажет. Бағдарламада көрсетілген міндеттерді оларға біз қарапайым тілмен түсіндіруіміз шарт. Ақпаратты қалай қысқа-нұсқа етіп жеткіземіз? Осының барлығын үйрендік. Енді алған білімімізді тәжірибеде қолданатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы