377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы ірі жол апатынан зардап шеккен 9 адам ауруханада ем алып жатыр

  • 515
  • UPD: 15:18, 22.04.2019
Қордайдағы ірі жол апатынан зардап шеккен 9 адам ауруханада ем алып жатыр

Жамбыл облысының Қордай ауданында ірі жол көлік апатынан қайтыс болған 11 жолаушының сегізі – Қазақстан, үшеуі – Өзбекстан елінің азаматтары.

Көз жұмған адамдардың мәйіттері шұғыл түрде туған-туыстарына жеткізілді. Оқыс оқиға кезінде автобуста 48 адам болған. Арасында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары да бар. Бүгінгі күнге дейін отыз бір жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Тұрғылықты жері және науқастардың қалауымен Алматы мен Шымкент қаласына 9 адам жолданды. Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің желісі арқылы көрші елге 9 азамат ауыстырылды. Қазіргі таңда Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен 9 тұрғын ауруханада ем алып жатыр. Ал бір науқастың жағдайы ауыр. Апатқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағына сай қылмыстық іс қозғалды.

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Жамбыл облысының емдеу сауықтыру мекемелерінде бүгінгі таңда 9 науқас жатыр, оның төртеуі Қордай аудандық ауруханасында, төртеудің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, ол науқастың жағдайы бірқалыпты, қалалық ауруханада 5 науқас жатыр, бүгінгі таңда 2 науқас жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауысты.

Жамбыл облысында ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты 

Қордайдағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды 

Қордайдағы ірі жол апаты: «Қауырт желі» ашылды 

Хабар 24 телеарнасы