379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар биометриялық талдау жасайтын ерекше қосымша ойлап тапты

  • 97
  • UPD: 12:49, 23.04.2019

Қазақстандық инженерлер биометриялық талдау жасап, суреттер, мәтіндер мен белгілерді өңдейтін ерекше қосымша жасап шығарды.

Сондай-ақ бұл бағдарлама мәліметтерді автоматты түрде құжатқа енгізеді. Қазақстандық «Кремний алқабында» сынақтан өткен стартап, бағасының арзан және шапшаңдығымен жергілікті бизнесмендердің қызығушылығын тудырып отыр.

Жасанды интеллект негізінде ақылды смарт платформаны жасау инженер достардың көптен күткен арманы екен. Нақты ғылымға деген қызығушылық жігіттерді бір арнаға тоғыстырған. Смарт өнімнің бизнес-жобасымен техникалық негіздемесін жасаған соң Техгардендегі білікті мамандарға ұсынады. Үш ай ақылдасып, кеңесіп алғаннан кейін стартапшылар жобаны жүзеге асыру үшін грант алады.

Уахат Бестимиев, стартап жобаның негізін қалаушы:

- Бірінші, технология құжатты тану. Жеке басты куәландыратын, қаржы және күнделікті қолданылатын өзге де құжаттарды анықтайды. Екінші, ол адамның бет-әлпетін ажырату. Яғни, мына жерде аса қымбат емес бір веб-камера тұрады. Ал мына жерде екінші веб-камера болады. Стендтің артына экраны бар компьютерді қойып қойдық.

Қажетті бөлшектердің қарапайымдылығының арқасында жоба шетелдік өнімдермен салыстырғанда оншақты есе арзан. Ал қолдану аясы өте кең. Бұл, әсіресе,  халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдікте, жалпы адам нөпірі көп және сәйкестендірумен айналысатын мекемелер үшін таптырмас көмекші.      

Қанат Қуатов, стартап жобаның негізін қалаушы:

- Біздің компанияның негізгі айналысатын саласы ол бизнес процестерді автоматтандыру. Және оңайлату. Осы бизнес-процестерді жақсарту үшін біз жасанды интеллект саласының қазіргі жетістіктерін қолданамыз. Ол осы жасанды интеллектің ішінде біздің ең көп жұмыс жасайтын бағытымыз ол компьютерлік көру саласы. Ол фото және видео мәліметтермен жұмыс жасау арқылы пайдалы басқа да сандық мәліметтер алу саласы болып табылады.

Жыл басынан бері қосымшаның бір нұсқасы еліміздің телекоммуникация саласында қолданылып келеді. Байланыс операторларының бірі «смарт-агенттің» көмегімен клиенттердің құжатын жедел сканерлеп отыр.

Сабина Маратова, мобильді байланыс операторының өкілі:

- Осы технологияның көмегімен клиенттердің анкетасын автоматты түрде толтыра аламыз. Планшет арқылы жасалатын, яғни мобильді қызметтің үлесін 62 процентке арттырдық. Ал жеке куәлікті сканерлеу технологиясына келсек, бұрын 3-5 минут кететін. Қазір 1 минутқа да жетпейді.

Бұл жобаға банк және сақтандыру секторының өкілдері де қызығушылық білдіріп отыр. Мамандар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы осындай отандық стартап жобалардың дамуына ықпал етеді деген сенімде.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Владимир Бовкис, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы