378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент сайлауында 1 млн бір жүз мыңнан астам алматылық дауыс беру құқығына ие

  • 193
  • UPD: 21:40, 23.04.2019

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында бір миллион жүз мыңнан астам алматылық дауыс беру құқығана ие.

Бұл туралы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова хабарлады. Дегенмен бұл тізім әлі жасақталып жатыр. Сондықтан сайлаушылардың саны алдағы уақытта арта түсуі мүмкін. Жалпы Алматыда бір қалалық, сегіз аумақтық және 554 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру орындарына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың емін-еркін кіріп-шығуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Ал жүріп тұра алмайтын тұрғындарға дауыс беру бюллетені үйлеріне апарылады. 4845 адам учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі ретінде қызмет атқарады. Тұрғындар қазірден бастап өздерін дауыс берушілер тізімінен тексере алады.  

Жанна Асанова, қалалық сайлау комиссиясының төрайымы:

- Әрбір сайлаушы өзін сайлаушылар тізімінен тексеру үшін жағдай жасалынған. Алматы қалалық әкімдігінің веб-сайтында және Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінің веб-сайтында арнайы электронды құралдар арқылы өзін сайлаушылар тізімін тексере алады. ИИН-ді енгізіп тексеруге болады. Егер өзіңізді сайлаушылар тізімінен таппасаңыз, 224-22-22 байланыс орталығынан біле аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы