378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында ангиографиялық 2 зертхана ашылады

  • 212
  • UPD: 12:44, 24.04.2019

Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 41 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

28 дәрігерлік амбулатория мен 2 емхана салу және озық үлгідегі 11 медициналық құрылғы алуға 21 миллиард теңге жұмсалмақ. Бизнес өкілдерімен бірлескен меморандум шеңберінде 2 ангиографиялық қондырғы облыстық медициналық орталық пен Қазалы аудандық ауруханасында орнатылады.

Жаңа машиналар дәрігердің барынша инновациялық тәсілдерді қолдануына мүмкіндік береді. Рентген жүктемесін азайтып, науқас операция үстелінде аз уақыт жатады. Ангиографиялық зертханалардың құрылуымен жүректегі, мидағы және ішкі ағза мүшелерінің майда тамырларын анық көруге мүмкіндік пайда болады. «Оңалту бағдарламасы да жеңіл өтеді», – дейді мамандар.

Алмас Әбілпатта, хирург:

– Ескі ангиограф құрылғысында жылына 2, 2 жарым мың операция жасалса, жаңа апаратта арифмологтар, нейрохирургтер, эндовоскулярлық хирургтердің операция 2 есе көбеймек.

Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл құрылғы 250 мың тұрғынға шаққанда 1 қондырғы болу керек. Ал осы қондырғымен түгелдей жабдықтасақ, облыстың қажеттілігін толықтай жабамыз.

Жүрек қан-тамыр дертіне шалдыққандарға дереу емдік шаралар жүргізуде тиімділігі жоғары аппараттармен алдағы мамыр айында алғашқы операция жасалады. Ауыл-аймақта тұратын сырбойылықтардың да медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытында денсаулық сақтау нысандары көптеп салынып жатыр.

Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– 2017-2018 жылдары осы бағытта жалпы құны 1 млрд 178 млн теңге болатын 1 қалалық емхана іске қосылды және 3 дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. 2019 жылы 9 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ өңірде онкологиялық бөлімшесі бар көпбейінді 300 төсектік аурухана салынады. Сырдарияның сол жағалауынан бой көтеретін нысан да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтереді.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы